Тарихи

1943 жылы КСРО  кезінде  Халық комитеті денсаулығы балалар денсаулығын сақтау  бойынша отырысы болған, онда  мекемедегі жұмыстың сапасына көп мән берілді, эвакуацияланған балаларға қызмет көрсету, балаларды патронат және асырап алуға беруге, оккупациялық аудандардан босталыған қараусыз қалған балаларды анықтауға аса зейін қойылған. Соғыс кезінде ата-анасы қайтыс болған жетім балаларды, соның ішінде Қызыл Әскер және партизан соғыстарындағы балаларға арналған арнайы балалар үйін ұйымдастыру туралы  қаулы қабылданды.

Соғыстан кейін қайта қалпына келу және халық шаруашылығының дамуы кездерінде балалар үйінің жұмысы біршама өзгерген. Оған деген қажеттілік азаймады, керісінше көбейді, ол ондағы тәрбиеленіп жатқан балалардың көбеюіне байланысты болды.  1944 жылы КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының Бұйрығында «Жүкті әйелдерге, көп балалы және жалғыз басты әйелдерге  мемлекеттік көмекті  жоғарылату  және  ана мен баланы қорғауды күшейту туралы» басылымнан кейін балалар үйіне жалғыз басты аналардың балалары келіп түсе бастады, яғни  жалғыз басты аналардың балаларын толық мемлекет есебіне тәрбиелеуге құқық  берілген.   Балалар үйі   ерте  жастағы  балаларды тәбиелеудегі  белгілі бір себептерге байланысты  отбасында тәрбиелей алмайтындықтан,  уақытша қалдыруға байланысты мекемеге айналған. Осы кездерде  балалар үйлері   максималды дамуына келіп жетті.  Балалар үйіндегі балалардың  тәрбиелеу шарттарын жақсарту мақстында  соғыс жылдарынан кейін балалар үйіндегі барлық басшылардың лауазымы білікті педиатрлер болып бекітілген.

Біздің Балалар  үйі өз жұмысын 1945 жылы Трубный бұрылысында  бастаған. Ол кезде «Нәрестелер үйі» деп аталған.
Алғашқы басшылардың бірі болып (архив мәліметі бойынша)  - З.Е.Хорхорина, Е.Дронова – аға медбике.
1948-1949 – М.Смирнова, М.Митрофанова – бас дәрігерлер
1949- 1956  - А.Г.Вейл – бас дәрігер
1959-1962- Р.Ф.Марков – бас әрігер
1972-1976- Г.М.Кужим – бас дәрігер
1976-2010 – Н.П. Запрягаева – бас дәрігер.
2010 жылдан бастап «Өскемен қаласының мамандандырылған балалар үйі» КМҚК директоры Гульнар Борангалиевна Даниярова басшылық етеді.
2015 жылы  «Өскемен қаласының мамандандырылған балалар үйі» КМҚК 70 жылдық   қуанышты оқиғасын атап өттік.
Балалар үйінде осы жылдары біршама тәрбиеленушілер шықты. Балалар үйінің 70 жылдық тарихы бар, ол көптеген оқиғалармен, жетістіктерге толы, басшылардың , медициналық қызметкерлердің және педагогикалық ұжымның толассыз еңбегі  арқасында. 

kn   Заңдық  мекен-жайы: Өскемен қаласы, Қазыбек би даңғылы 8\1.

 

 

 

 

 

Парақтар өзгертілді: 04-05-2019